7 жeлтoқсaндa Tesla жәнe SpaceX кoмпaниялaрының нeгізін сaлушы Илoн Мaскқa қaтысты сoт oтырысы өтті. Бұл жoлы кәсіпкeр ұлыбритaниялық дaйвeр Вeрнoн Aнсуoртты pedo guy яғни «пeдoфил» дeп тіл тигізгeні үшін сoт aлдындa жaуaп бeрді. Лoс-Aнджeлeс сoтының шешімі бойынша Илон Маск жеңіп шықты. Маск ұлыбританиялық дайверді неліктен pedo guy деп айыптады? Бұл сөз не білдіреді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материал дайындады.
12 баланы құтқару операциясы
Оқиға былтыр 23 маусымда Тайландта болған. 11-16 жастағы балалар мен 25 жастағы футбол жаттықтырушысы экскурсияға шыққан. Артынша олар Тхам Луанг үңгірінде қалып қойған. Нөсердің салдарынан көптеген үңгірді су басып кеткен. Оларды іздестіруге көмекке дайверлер шыққан.
Сол күні 16 жасқа толған команда мүшесі Пхеерапхат Сомпьенгджай туған күнін тойлаған. Олар дүкеннен 700 батқа (шамамен 22 доллар) азық-түлік алып, жолға шыққан. ВВС мәліметінше, балалар жаттықтырушыны үңгір арқылы жүруге көндірген. Балалар терең жүріп кеткені соншалық, бір кезде су ағынына тап болған.
Тайландтағы 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару © ru.wikipedia.org
Үңгірде қалып қойған 12 оқушы мен футбол жаттықтырушысы 12 күн бойы жарықсыз күн көрген. Ұлыбританиялық сүңгуір Вернон Ансуорт сол адамдарды құтқару операциясына қатысқан құтқарушылардың қатарында болған.
Оқиғаға Илон Масктың араласуы
Илон Масктың үш компаниясының инженерлері үңгірде қалып қойған балаларды алып шығу үшін арнайы мини-субмарин жасап, оны құтқарушыларға жіберген. Бірақ Тайландтағы провинция губернаторы Масктың бұл көмегінен бас тартқан. Ол құрылғы құтқарушыларға керек те болмай қалған.
Құтқарушы Вернон Ансуорт Масктың бұл шешімін сәтсіз деп бағалап, үңгірдің қандай екенін тіпті елестете алмайтынын айтқан. Ал Маск сүңгуірдің бұл мәлімдемелеріне Twitter-де бірнеше твит арнап, соның бірінде былай деп жауап берген:
«Біз нөмірі бесінші мини-субмариндердің бірін еш кедергісіз үңгірге алып кіреміз. Педофил, кешір, бірақ мұны өзің сұрадың».
ВВС мәліметінше, Ансуорт CNN басылымына берген сұхбатында кәсіпкердің көмегін PR-әрекет деп бағалап пікір білдірген. Сүңгуір мен кәсіпкер Twitter арқылы өзара айыптау сөздерін жазып, артынша Маск Ансуортты «педофил» деп айыптаған.
Сүңгуір Вернон Ансуорт (оң жақта) © Сурет ашық интернет көзінен
Алайда Маск жазған твит-жазбасын өшіріп, сүңгуірден кешірім сұраған. Бірақ Ансуорт кәсіпкердің кешірімін қанағат тұтпай, жала жапқаны үшін Масктың үстінен сотқа шағым түсіріп, 190 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы талап еткен.
Сот отырыстары
Биыл 3 желтоқсанда болған сот отырысында Илон Маск Вернон Ансуорттың сөздері «қате және қорлау сөздері» болған деп мәлімдеген.
«Сондықтан мен жәбірлеу сөздеріне тиісінше жауап бердім», — деп мәлімдеді кәсіпкер сот отырысында.
Илон Маск © РИА Новости
Tesla басшысы ол туып өскен Оңтүстік Африка Республикасында «педофил» сөзі көбіне адамдар сөзге келісіп қалған кезде қолданылатынын және «сүйкімсіз шал» деген мағынада қолданылатынын айтқан. Ал Ансуорттың адвокаттары бұл түсініктеме — түкке тұрғысыз жалған сөз екенін мәлімдеген.
Артынша бұл оқиғадан кейін Tesla акциялары 4 пайызға төмендеп кеткен.
Адамзат Илон Маскқа неге қарыздар? Басты 5 себеп
7 желтоқсан сот үкімі бойынша Илон Масктың жеңіске жеткені белгілі болды. Сот Масктың сүңгуір Вернон Ансуортқа айтқан сөзі (pedo guy) жала жабуға жатпайтынын айтып, кәсіпкер дайверге өтемақы төлеуге тиіс емес деген шешім шығарған.
Бір қызығы, pedo guy сөзі Масктың түсіндірмесі бойынша Urban Dictionary ағылшын сленгтерінен құралған онлайн сөздікке кірген. Pedo guy — бұл сөздікке қарағанда, шын мәнінде бизнесмен туып-өскен ОАР-да «педофил» деген мағынаны емес, «есі ауысқан шал» деген мағынаға ие екен.